Футбол
Ресми: Руслан Валиуллин екі жылға футболдан шеттетілді
Былтырғы жылдың қыркүйек айында допинг қолданғаны анықталған "Тобыл" командасы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллинге қатысты шешім шықты, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.
Қостанайдың «Тобыл» командасы FIFA-ның дисциплинарлық комитетінен Руслан Валиуллинді 24 айға спорттан шеттету туралы хат алған.
«Футболшыға 24 айға санкция салынды. Футболға қатысты ешқандай қызметпен айналыса алмайды. Бұл шектеу 2021 жылдың 10 қыркүйегінен бастау алып, 2023 жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады», — делінген FIFA-ның хатында.
Ойыншы аппеляция жүгінбек.
Айта кетейік, Руслан Валиуллин өткен жылы допинг-тест тапсыру кезінде ұсталып қалған. Бұл Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Словакияның «Жилина» командасымен ойыннан кейін болған. Футболшының қанынан тыйым салынған преперат табылған.