Футбол

Жерар Гоу «Ақтөбе» сапындағы алғашқы голын соқты

"Ақтөбе" футбол клубы Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары кезінде Ресейдің "Кубань" командасын жеңді, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.

Бұл ойын 2:0 есебімен аяқталды. «Ақтөбе» сапынан Никита Маляров мергендік тантты. Кот д’Ивуар елінің шабуылшысы бұған дейін артық салмағына байланысты бапкерлердің көңілінен шықпаған. Дегенмен екінші оқу-жаттығу жиындарына шақырылып, мүмкіндік берілді.

«Ақтөбе» – «Кубань» (Краснодар, Ресей) – 2:0

Голдар: Никита Маляров, 3. Жерар Гоу, 78.

«Ақтөбе» бастапқы құрамаы: Саша Стаменкович, Арман Кеңесов, Рустам Темірхан, Юрий Логвиненко (К), Артурас Жулпа, Ескендир Қыбырай, Йоахим Адукор, Никита Маляров, Уго Видемон, Виталий Балашов, Рожерио Шина.

Енді «Ақтөбе» Ресейдің тағы бір командасы «Томмен» кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button