Футбол

«Қайрат» Өзбекстанның ортаңқол командасына есе жіберді

Алматының "Қайрат" клубы Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Өзбекстанның "Навбахор" клубымен жолықты.

Бұл ойында Құрбан Бердыев командада қалған мықтылардың бәрін шығарды. Бірақ Өзбекстанның ортанқол командасын жеңе алмады.Наманган қаласының клубы 78-минутта есеп ашып, матч соңына дейін сақтап қалды.

«Қайрат» – «Навбахор» (Наманган, Өзбекстан) – 0:1

Гол: Зоран Марушич 78

 «Қайрат»: Данил Устименко. Лев Кургин, Арсен Буранчиев, Маки Баньяк, Сұлтанбек Астанов, Антон Крачковский, Яцек Гуральский, Данияр :сенов, Жасур Жалолиддинов, Гүлжігіт Әліқұлов, Хосе Канте

«Навбахор» былтыр Өзбекстан суперлигасында 29 матчта  39 ұпай жинап, алтыншы орын алған.

Құрбан Бердыев шәкірттері 15 ақпанда Киевтің «Динамо» клубымен жолығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button