Футбол
«Ақтөбеге» ганалық футболшы келді
Киевтің "Динамо" командасының жартылай қорғаушысы Мохаммед Кадири "Ақтөбеге" ауысты.
Ганалық футболшы «Ақтөбеге» жалға келмекші. Сосын барлығы жақсы болып жатса, қазақстандық клуб сатып алады.
Жақында Киев командасының президенті Игорь Суркис өзінің сұхбатында «Черноморецтегі» жалға ойнаған мерзімі аяқталған Кадириге клуб таппай жатқанын айтқан.
Мохаммед Кадири «Аустрия», «Арсенал» (Тула) «Динамо» Киев. командаларында ойнаған. Соңғы ойнаған клубы — «Черноморец».
Спорттық карьерасында жалпы 123 матчқа қатысып, 4 гол соққан. Transfermarket оның құнын 800 мың еуроға бағалап отыр.