Футбол

«Қайратқа» керек болмай қалған Айбол Әбікен жаңа команда тапты

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Павлодардың "Ақсу" клубына келіп қосылды.

Футболшы Украинаның «Александрия» (2:2) клубымен өткен жолдастық кездесу қатысты.

Айта кетейік, Әбікен былтырғы жылы «Қайрат» сапында сәтсіздеу маусым өткізген. Сосын жыл соңында клуб басшылығының жалақыны азайту туралы ұсынысын қабыл алмаған. Осыдан кейін оны қосалқы құрамға жіберген еді. 25 жастағы жартылай қорғаушының «Қайратпен» келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Енді футболшы «Ақсуға» жалға берілуі мүмкін.

Айбол Әбікен — Алматы футбол мектебінің түлегі.  2017 жылы «Қайрат» сапында премьер-лигадағы алғашқы матчтына қатысты. Жалпы, осы уақытқа дейін 112 ойында алаңға шығып, 13 гол соққан.

Ұлттық құрамада 12 матчта бой көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button