Жеңіл атлетика
Сафронова мен Литвин әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстан командасының тағы екі өкілі жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионатына жолдама алды.
Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде Ольга Сафронова әлем чемпионатының нормативін орындады. Ол 60 метрді 7.26 секундта жүгіріп өтті. Бұл әлем чемпионатына қатысуға жеткілікті.
Ал Михаил Литвин нормативті Қазақстан кубогында орындады. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы 400 метрді 46.46 секундта жүгіріп өткен.
Айта кетелік, бұған дейін биіктікке секіруден Надежда Дубовицая мен Давид Ефремов жолдама алған болатын.
Әлем чемпионаты 2022 жылдың 7 наурызында өтеді.