Футбол
«Шахтерге» Ресей премьер-лигасынан жаңа ойыншы келді
Грозныйдың "Ахмат" клубы футболшы Амир Адуевтің кеткенін хабарлады.
Жартылай қорғаушы спорттық карьерасын Қарағандының «Шахтерінде» жалғастырады. Егер «Ахмат» қажет болған жағдайда 1 маусымда футболшыны өзіне қайтара алады. Келісімшартта солай жазылған.
22 жастағы Адуев биылғы маусымда жастар лигасында 10 ойын, Ресей кубогында екі матч өткізген. Оның еншісінде 2 гол мен 3 нәтижелі пас бар.
Футболшы Грозныйда дүниеге келген. Бала күнінде Францияға қоныс аударып, футболды сол жақта бастаған. Францияның жасөспірімдер құрамасына шақырылған. Кәсіби карьерасы «Монпелье» клубында басталады.