Футбол
“Қайрат” жаңа маусымдағы капитанының есімін жариялады
“Қайрат” футбол клубы 2022 жылға капитанын таныстырды.
Енді бұл міндетті Яцек Гуральски атқарады.
Польша құрамасының 29 жастағы жартылай қорғаушысы алматылықтар сапын 2020 жылы толықтырған.
ҚПЛ-2022 5 наурызда басталады, бірақ “Қайраттың” алғашқы ойыны 6-сына жоспарланған. Алматылықтар өз алаңында “Ақтөбені” қабылдайды.
Дегенмен жаңа маусымды Құрбан Бердыев шәкірттері 2 наурызда, Қазақстан суперкубогы аясында «Тобылмен” кездесумен бастайды.