Футбол
Геворг Наджарян Армениядағы алғашқы ойынын өткізді
Қазақстандық футболшы Геворг Наджарян Арменияның «Пюник» командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізді.
«Шахтердің» экс-жартылай қорғаушысы Армения чемпионатының 22-турында «Ноа» командасымен матчта алаңға 64-минутта шыққан. Бұл кездесуде «Пюник» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар бұл команда сапында «Шахтердің» бұрынғы қақпашысы Давид Юрченко мен «Тобылда» доп тепкен Арман Оганесян, «Атыраудың» экс-футболшысы Артак Дашян болды.