«Шахтерге» елорда қолайлы болып тұр
Қарағандының «Шахтёр» командасы премьер-лиганың екінші турында жеңіске жетті.
Бұл жолы Магомед Адиев шәкірттері Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасымен кездесті. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтті. Жеңіс голын Абылайхан Назымханов соқты.
Бұған дейін «Шахтёр» осы стадионда
«Астанамен» тең түскен. Бірақ сол матчта елорда командасы 7 легионер ойнатып, техникалық жеңіліске ие болған.
«Қызыл-Жар» – «Шахтёр» – 0:1
Гол: Абылайхан Назымханов 81
«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (К), Юрий Бушман, Стефан Живкович (Лукас Кардосо, 86), Олег Мурачёв, Валерий Каршакевич, Дмитрий Шмидт, Жиан Мартинс, Пабло Подио – Мишель Нкололо (Тимур Мульдинов 66), Дарко Зорич (Павел Яковлев, 78), Андрей Панюков (Евгений Козлов 78);
«Шахтёр»: Игорь Шацкий (К), Павел Назаренко (Тоқтар Жаңғылышбай, 69), Джордже Чосич, Иван Граф, Михаил Габышев, Кирилл Маляров, Роджер Каньяс, Амир Адуев, Тимур Досмағамбетов, Абылайхан Назымханов – Роман Муртазаев (Айдос Тәттібаев, 75);
Төрешілер: Байымбет Сәкен (Тараз), Лабашов Денис (Атырау), Шабанов Алексей (Алматы).