Футбол

Анатолий Тимощук барлық атақ-дәрежесінен айырылды

Украина футбол қауымдастығы ресми түрде  «Зенит» командасының жаттықтырушысы Анатолий Тимощукты атақ-дәрежесінен айырды.

Бұған дейін берілген Pro лицензциясының күші жойылды. Сосын Украина чемпионатында жеңіп алған барлық титулының мәртебесі қалған жоқ. Атап айтқанда, біріншіліктің күміс жүлдесі, Украина кубогы мен Суперкубогы иегері деген атақтардан айырылды.

Сонымен қатар Тимощук Украина аумағында өмір бойы футболмен айналыса алмайды.

Одан бөлек федерация мемлекеттік органдарға хабарласып, барлық мемлекеттік құрмет наградаларынан айырды.

Бұған себеп, Ресей мен Украина арасындағы соғыс. Санкт-Петербургта тұратын Тимощук әлі күнге пікір білдірмеген.

Айта кетейік, Анатолий Тимощук 2015-2016 жылдары Алматының

«Қайрат» командасында ойнаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button