Футбол
Тоқтар Жаңғылышбай 8 жылдан кейін «Шахтерге» оралды
Араға 8 жыл салып, Қарағанды футболының түлегі Тоқтар Жаңғылышбай туған жеріне оралды.
Футболшы «Шахтер» сапында премьер-лиганың екінші турында алаңға шықты. Бұл кездесуде «кеншілер» Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасын жеңді.
Жаңғылышбай соңғы рет Қарағандыда 2014 жылы 4 қазанда ойнаған. Ал дебютң 2011 жылы 21 мамырда басталған. Бір қызығы, алғашқысы да соңғысы да «Қайратпен» өткен
Жалпы, «Шахтёр» сапында осыған дейін 35 матчта, 4 гол соққан.
Кейінгі жылдары «Астана», «Қайрат», «Ақтөбе», «Жетісу», «Тобыл», «Қайсар», «Ордабасы» командаларында ойнаған.