Футбол
“Ливерпуль” мен “Челсиде” ойнаған футболшы “Тұранға” ауысты
Гвинея-Бисау құрамасының ойыншысы Тони Силва “Тұранмен” келісімшартқа отырды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа маусымда Силва “Тұранның” намысын қорғайды.
28 жастағы футболшы бала кезінен Португалияда өмір сүреді. Алғашқы кәсіби келісімшартын “Ливерпульмен” жасаған. Бұдан бөлек Грекия, ОАР, Түркия, Сауд Арабиясы және Румынияның клубтарында өнер көрсетті.
2020 жылы “Таразға” ауысып, жамбылдық команда сапында 17 матчта 4 гол соқса, өткен маусымда “Тобылдың” қатарын толықтырды.
“Бенфика”, “Челси” және “Ливерпуль” жастар командасында доп тепкен.