Параспорт

Қола жүлдемен қуантқан Александр Герлиц елге оралды

Бүгін Қазақстан паралимпиадашылары елге оралды.

Отандық спортшыларды жанкүйерлер, журналистер, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан күтіп алды.

4-13 наурыз аралығында өткен Паралимпиада ойындарында құрамасының сапында пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев ел намысын қорғады.

Пара биатлоннан 10 шақырымға сынға түскен Александр Герлиц төрт жылдықтың дүбірлі додасының қола жүлдесін жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте ұлттық құрама 17 орынға тұрақтады.

“Маған бұл Паралимпиада өте қатты ұнады. Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Мынандай пандемия кезінде осындай Паралимпиада ұйымдастыру оңай емес”, — деді Александр Герлиц.

Басқа жаңалықтар

Back to top button