Басқа спорт түрлеріБастыПараспорт

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдеді

Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы  қатысып жатқаны белгілі.

Алайда ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР Занамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыларды, оның ішінде Еркебұлан Қанафинді жарысқа апарған.

Еркебұлан Қанафин бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Е.Канафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды.

Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген болатын.

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдейді.

Айта кетейік, бүгін ғана 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошы Еркебұлан Қанафин алтын медальді жеңіп алғаны туралы сүйінші хабар тараған-ды. Алайда көп ұзамай оның мүгедек спортшылардың тізімінде жоқ екені белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button