Жеңіл атлетика
Михаил Литвин финалға өте алмады
Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады.
Отандасымыз жабық кешендегі әлем чемпионатында 400 метрге жүгіруден қатысқан. Жартылай финалда Литвин өз тобында бесінші орын алды. Уақыт көрсеткіші — 46,89. Ал финалға жолдама әр топтағы үздік үш атлетке беріледі.
Әлем чемпионатына Қазақстаннан үш спортшы қатысып жатыр. Бұған дейін Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден қола медаль еншіледі. Сонымен қатар 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов бар.