Ауыр атлетика

Нижат Рахимов Рио Олимпиадасының алтынынан айырылды

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов Рио Олимпиадасының алтын медалінен айырылды.

2021 жылдың қаңтарында халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) спортшыны допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыптады.

Бұл IWF антидопингтік ережелерін бұзу болып саналады. Осылайша, Рахимовтың 2016 жылғы 15 наурыздан 2021 жылғы 18 наурыз аралығындағы нәтижелерінің бәрін жойып, сегіз жылға спорттан шеттету туралы шешім шыққан. Сондай-ақ, қазақстандық ауыр атлет Рио-де Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарында алған алтын медалінен айырылды.

Енді Қазақстан қоржынында 2016 жылғы Олимпиададан тек екі «алтын» ғана қалды – бокстан Данияр Елеусінов пен жүзуден Дмитрий Баландин.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Риода өткен дүбірлі додада бес күміс және тоғыз қола медаль жеңіп алған еді.

Ниджат Рахимов 1993 жылы 13 тамызда Бакуде дүниеге келген. Ол этникалық әзірбайжан. 2010 жылы Әзірбайжан құрамасы сапында Сингапурда өткен жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды. 2013 жылы Перуде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды. Сол жылы допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді.

2014 жылдың тамызында Рахимов Қазақстан азаматтығын қабылдап, Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсетуге шешім қабылдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button