Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

Ерасыл Сәулебеков қоссайыс қорытындысында 305 келіні бағындырды

Қазақстандық Ерасыл Сәулебеков Дуррестте (Албания) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Спортшы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысында 305 (137+168) келіні көтерді.

Екінші орынға Әзербайжанның зілтеміршісі Равин Алмаммадов жайғасты – 303 келі. Хен Джу Пак (Оңтүстік Корея) үздік үштікті түйіндеді – 289 келі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button