Футбол

Сергей Малый: Молдовамен барлық мәселе қарымта ойында шешіледі

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен өткен алғашқы матч (1:2) жайлы пікір білдірді:

-Ойынның қиын болатынын білдік, өйткені біз сырт алаңда ойнадық. Матчқа дейін қарсыласты талдап, олардың мықты және әлсіз тұстарын білдік. Ойынға көп күш жұмсайтынымызды да жақсы түсіндік. Кездесуге жақсылап дайындалдық және ойлаған нәтижеге қол жеткіздік. Енді босаңсуға уақыт жоқ, екінші матчқа дайындалуымыз қажет. Себебі әлі ештеңе де шешілмеді және біз мұны жақсы түсінеміз, — дейді Сергей Малый.

Басқа жаңалықтар

Back to top button