Футбол
ҚФФ-ның төрешілік және инспекторлық департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Бүгін футбол үйінде төрешілерге ҚФФ-ның төрешілік және инспекторлық департаментінің жаңа басшысы Александр Перемитин таныстырылды.
Жаңа басшыға төрешілік корпустың жетекшісі Хуан Антонио Маринмен бірлесіп, осы салада даму үшін қызмет сапасы мен жас қазылардың дайындығын жақсарту жөнінде алдағы уақытқа жоспар құру жүктелді.
Комитеттің бұрынғы басшысы Руслан Дүзмамбетов VAR жобасының нұсқаушысы ретінде жұмыс атқаратын болады. Бұл жоба OLIMPBET-Чемпионатында осы жылдан бастап іске асырыла бастады және оны дамыту мен төрешілерді оқыту жұмыстары алда да жүзеге асырылып отырады.
Сонымен қатар отырысқа ҚФФ бас хатшысы Олжас Абраев пен төрешілік корпустың басшысы Хуан Антонио Марин қатысты.