Футбол
Сергей Малый ұлттық құрамада көп ойын өткізгендердің алтылығына кірді
31 жастағы Қостанайдың "Тобыл" командасының қорғаушысы Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапында 53-матчын өткізді.
Өткен аптада футболшы Молдовамен кездесуде 90-минут ойнап, бір гол соққан. Осылайша, Луганск футбол мектебінің түлегі Қазақстан құрамасындағы ең көп ойын өткізгендердің үздік алтылығына кірді.
Серей Малый Қазақстан құрамасында 2014 жылдан бері өнер көрсетеді
Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізгендер: (1992-2022) (25.03.2022):
1. Самат Смақов – 76 матчей;
2. Руслан Балтиев – 73;
3. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;
4. Юрий Логвиненко – 57;
5. Андрей Карпович – 55;
6. Сергей Малый – 53;
7. Сергей Хижниченко – 52.