Карпович: Шацкийді таңдап қателеспеген екенбіз
Қазақстан мен Молдова арасындағы кездесуден кейін бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Карпович тілшілердің сауалына жауап берді.
Жеңіс құтты болсын. Бірінші таймда Молдоваға допқа 58 пайыз иелік етті. Сонда допты қарсыласқа әдейі беріп қойдық па? Әлде басқа себебі бар ма?
– Бірінші кезекте, құттықтауыңызға алғыс білдіремін. Барлық қазақстандықтарды Ұлттар лигасының С дивизионында қалуымызбен құттықтаймын. Бірінші таймда қажет емес гол жіберіп алдық. Екінші таймда ойынымыз жүре бастадық. Біздің қауіпті шабуылдарымыз аз болды деп ешкім айтпайтын шығар. Тек қақпаға кірмей қойды. Ал ең басты қуантқаны стадиондағы атмосфера. Жанкүйерлер бізді алдыға жетелеп отырды. Осындай қолдауға қуаныштымын.
– Ғафуржанға не болды?
– Допқа талас кезінде есінен танып қалды. Не болғанын өзі де түсінбеді. Сондықтан алмастыруға тура келді. Оның орнына шыққан Тимур Досмағамбетов алаңға жақсы қосылды. Шабуылға белсенді араласты.
Я так понимаю, было единоборство. Он получил сотрясение. Он даже не помнил, что произошло. Естественно, нам необходимо было сделать замену. Не подвергать к риску здоровье Гафура. Решение было за доктором, он сказал, что нужна замена. Я считаю, что мы произвели качественную замену. Вышедший Тимур Досмагамбетов сыграл достаточно хорошо и добавил нам определенные активности в атакующих действиях.
– Қақпаға Стас Покатиловты емес, Игорь Шацкийдің таңдауға не себеп?
– Бұл бапкерлер штабының ортақ шешімі. Әлбетте, қақпашыларға жауап беретін бапкердің таңдауы. Чемпионатта қай қақпашы сенімді ойнап жүр, соған мән бердік. Сосын таңдау Игорьға түсті. Бүгінгі матч қателеспегенімізді дәлелдейді деп ойлаймын.