Қазақ қыздар футболының жұлдызы Бегайым Қырғызбаева спорттық мансабын аяқтады.
“Словениямен өткен кездесу алдында ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов құраманың бұрынғы капитанын ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтады”, — делінген федерация таратқан мәліметте.
Қырғызбаева — Қазақстан ұлттық құрамасының сұрмергені. Ел біріншілігінде 11 рет топ жарған, 10 дүркін Қазақстан кубогының иесі.