Футбол
Футбол: қыздарымыз қатарынан алты ойында жеңілді
Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Словенияға есе жіберді.
І топтың ойыны «Астана Арена» стадионында өтіп, 0:2 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Словения сапында Лара Прашникар (6-минут) мен Кристина Эрман (26-минут) мергендігімен көзге түсті.
Айтпай Жамантаев шәкірттері қанша тырысқанымен есепті қысқарта алған жоқ. Осылайша құрамамыз алты матчтың барлығында жеңіліс тауып, бесінші орында тұр. Ал 14 ұпайы бар Словения кестеде екінші орынға шықты.
Қыздарымыз енді 12 сәуірде өз алаңында Уэльсті қабылдайды.