Футбол

«Тобыл» биылғы маусымда алғаш рет есе жіберді

Қазақстан премьер-лигасының бесінші турында Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» команадсына есе жіберді.

Бұған дейін алғашқы 4 турда «Тобыл» өз қақпасына бірде-бір гол жібермеген. Осы жолы Шымкентте Мокин үш доп алып шығуға мәжбүр болды.

Бірінші таймда қостанайлық клубтан Александр Марочкин алаңнан қуылған. Ол допты қақпадан қолымен шығарған. Сондықтан 22-минутта төреші белгіленген пенальтиден шымкенттік Эльхан Астанов мүлт кеткен жоқ. Оған 41-минутта Игорь Сергеев бір голмен жауап қайырды. «Ордабасы» сапынан Серж Ньюадзи 44 және  85-минуттарда мергендік танытты. Осылайша «Тобыл» сырт алаңда қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button