Жоао Паулоның голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады
Қазақстан премьер-лигасының 5-турының орталық матчында "Қайрат" өз алаңында "Каспийді" жеңді.
Бұл матчта Алматы командасы үш ұпай еншілегенімен, ойын оңайға соққан жоқ. «Каспий» допқа көбірек иелік етіп, Құрбан Бердыев шәкірттерін әбден тығырыққа тіреді. Бірақ Ақтау командасында шабуыл шебінде соңғы соққы жетпей жатты. Ал «Қайратта» мұндай шеберлігі жоғары футболшы бар. Ол — Жоао Пауло. Жеңіс голын да осы бразилиялық соқты.
«Қайрат» – «Каспий» – 1:0
Гол: Жоао Пауло, 41
«Қайрат»: Данил Устименко,Сұлтанбек Астанов, Арсен Буранчиев, Виктор Васин, Дамир Қасаболат, Еркебұлан Сейдахмет,Антон Крачковский, Рикарду Алвеш (К),Жоао Пауло (Вячеслав Швырёв, 90), Хосе Канте, Артур Шушеначев (Данияр Усенов, 69);
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (К), Мақсат Тайкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Шафик Тигруджа (Арман Нүсіп 73), Рати Ардазишвили, Павел Киреенко (Алмас Арменов, 82), Руан Телеш (Бекзат Қабылан. 82) – Аслан Әділ (Бақдәулет Көңілімқос, 75);
Төрешілер: Тимур Кумашев (Нұр-Сұлтан), Денис м (Атырау), Дмитрий Филоненко (Тараз).