Құрбан Бердыев: Қарымта шабуылда ойнап, «Каспийге» тосынсый жасадық
«Қайрат» клубының бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан біріншілігінің 5-туры аясында «Каспиймен» өткен кездесуден кейін тілшілердің сауалына жауап берді.
«Каспий» — Қазақстан біріншілігіндегі шабуылға бейім команда. Турнир кестесіндеде жоғары тұрғандығы соған дәлел. Көптеген командалар дәл осылай ойнауы қажет. Мен ойын басталғанға дейін Костов мырзаға, командасының көрсететін әдемі ойыны ұнайтынын айттым. Ойын соңында барлық жас ойыншыларымыз алаңда болды. Ойыншыларымның алға жылжып, дамып келе жатқанына ризамын.
— «Каспийдің» әлсіз тұстары — қорғаныстың жоғары орналасуы және қақпашы арқылы қысқа пастармен ойнауы, — деп айтсақ бола ма?
— Мұндай жағдайда, қарсыласқа «тосын сый» жасадық десем болады, әрине қателіктері бар. Біз оны барынша пайдаландық.
— Жоао Паулоның ойын деңгейі айтарлықтай өсті, деп айта аласыз ба?
— «Ордабасыда» болған Жоао және қазіргі Жоао мүлде бөлек футболшылар. Ол өте көп еңбектенеді, әрине қуаныштымын. Жастарға үлгі боларлық ойыншы, тіпті жаттығудың өзінде, жанын беріп еңбектенеді. Жоао және Хосе Канте — команданың көшбасшылары.
-Яцек Гуральский құрамға қашан қосылады?
— Әзірше ол жалпы топта емес. Оған қысым көрсеткіміз келмейді. Әлем чемпионатында өнер көрсететініне өте қуаныштымыз.
— Маки Баньяктың жағдайы туралы ақпарат бар ма?
— Мен сізге айтайын, бүгін тіпті Касабулаттың өзі жарақатпен ойнады.Қорғаушылар мәселесінде аздаған тығырыққа тіреліп тұрмыз, төрт қорғаушы болып ойнау қиын, себебі Буранчиев толыққанды қорғаушы емес. Баньякқа операция жасалды, екі айға жуық уақыт күтеміз, Конференция Лигасының басталуына қарай алаңға оралуы мүмкін.
-Артур Шушеначев бабында емес секілді, сіз қандай баға берер едіңіз?
— Ол, бірінші шешім өте маңызды болатын шабуылшылар қатарынан, әрқашан бірінші шешім — ең дұрыс шешім болып табылады. Азмунда дәл осындай болған. Бірақ Артур екінші-үшінші шешімдерді қабылдар сәтте, қателіктер жіберіп жатады. Осы мәселе бойынша жұмыс жасаудамыз.