Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткен екі команда анықталды
Футболдан Чемпиондар лигасында екі команда жартылай финалға шықты.
Ширек финалдың алғашқы ойынында Испанияның «Реал» командасы Лондонда «Челсиден 3:1 есебімен басым түскен. Ал қарымта ойында ағылшындар ширақ қимылдады. Тіпті, келесі кезеңге шығып кететіндей мүмкіндігі болған. Ойынның 79-минутына дейін «Челси» 3:0 есебімен алда тұрды. Бірақ оған Модрич пен Родриго келіскен жоқ. Каземироны ауыстырып алаңға кірген Родриго әкесімен жасты Модричтен керемет пас алып, есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша қос ойын нәтижесімен таразы басы теңесіп, овертаймға ұласты. Овертаймда 96-минутта «Реал» шабуылшысы Карим Бензема мергендік танытты. Нәтижесінде испаниялық клуб жартылай финалға жолдама алды.
«Реал»: Куртуа; Карвахаль, Начо (Лукас Васкес 88), Алаба, Менди (Марсело 78); Модрич, Каземиро (Родриго 78), Кроос (Камавинга 73); Вальверде, Бензема, Винисиус Жуниор (Себальос 115)
«Челси»: Менди; Джеймс, Тьяго Силва, Рюдигер, Алонсо; Канте (Зиеш 99), Лофтус-Чик (Сауль 106), Ковачич (Жоржиньо 106); Маунт, Хаверц, Вернер (Пулишич 83).
Тағы бір кездесуде Испанияның «Вильярреал» клубы сырт алаңда Германияның «Бавариясымен» 1:1 есебіне қанағат білдірді. Алғашқы ойында «Вильярреал» 1:0 еесбімен басым түскен болатын. Жартылай финал жолдамасы испаниялық клубқа бұйырды. Сондай-ақ, ширек финалдың тағы екі кездесуі бүгін, 13 cәуірде болады. Бұл күні Испанияның «Атлетико Мадрид» және Англияның «Манчестер Юнайтед», Англияның «Ливерпуль» және Португалияның «Бенфика» командалары кездеседі.