«Қайрат» пен «Тобыл» 99 минут ойнап, тең түсті
Қазақстан премьер-лигасының 6-турының орталық ойыны Қостанай қаласында өтті.
Жергілікті «Тобыл» Алматыдан келген «Қайратты» қабылдады. Матч 2:2 есебімен аяқталды, Кездесу 99-минутқа дейін созылды. «Қайрат» соңғы сәтте есепті теңестіріп, бір ұпайға ие болды.
«Тобыл» – «Қайрат» – 2:2
Голдар: Сергей Малый 45+2, Зоран Тошич 72 – Хосе Канте 8, Владислав Васильев 90+9 (автогол).
Алаңнан қуылды: Арсен Буранчиев 90+5
Пенальти соға алмады: Асхат Та,ыберген, 33
«Тобыл»: Александр Мокин, Владислав Васильев, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Душан Йованчич, Бағдат Қайыров (Дмитрий Мирошниченко, 90+7) – Самат Жарынбетов, Асхат Тағыберген (К), Рубен Бриджидо, Зоран Тошич (Айбар Жақсылыков, 80), Игорь Сергеев;
«Қайрат»: Данил Устименко, Сұлтанбек Астанов (Гүлжигит Әліқұлов,79), Арсен Буранчиев, Виктор Васин, Дамир Касабулат (Данияр Үсенов, 59), Еркебұлан Сейдахмет,Андрей Ульшин, Рикарду Алвеш (К), Жоао Пауло, Жасурбек Жалолиддинов, Хосе Канте;
Бас төреші Артем Кучин (Қараганды).