Жеңіл атлетика

Ольга Шишигина әскери спортшыларға басшылық етеді

Жеңіл атлетикадан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубының басшысы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов таныстырды.

Ольга Шишигина 1968 жылы Алма-Аты қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген.

1987 — 1992 жылдары – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарған.

1992 — 1994 жылдары – Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде оқыған.

1994 — 2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.

1994 жылы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

1994, 1998 жылдары — XII және XIII Азия ойындарының жеңімпазы.

1996 жылы – жазғы және қысқы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері.

1998 жылы – жазғы және қысқы әлем чемпионаттарының алтын және күміс жүлдегері.

1999 жылы – Азия чемпионы. Жеңіл атлетикадан Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

2000 жылы – жеңіл атлетикадан XXVII Олимпиада ойындарының чемпионы (Сидней).

2001 жылы – әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2013 жылғы 22 қаңтардан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет», I дәрежелі «Барыс», II дәрежелі «Достық» ордендерімен, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған.

 

 

 

Отбасылы. Ұлы бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button