Футбол

Қазақстан футбол федерациясы «Реал Мадрид» клубынан маман шақырды

Қазақстан футбол федерациясы Мадридтің "Реалында" жұмыс істеген аналитик Вальбуэна Рауль Каноны шақырды.

Бұл туралы «СпортРадар.kz»каналды жазды.

«Бүгін кешке испаниялық Вальбуэна Рауль Кано елімізге келеді. Оны Қазақстан футбол федерациясы шақырған. Бұл маман ұлттық құраманың аналитикалық мәселеріне жауап береді, деп жазған канал авторы.

46 жастағы Вальбуэна Рауль Кано — Испанияда танымал қақпашы. Өз елінде «Мальорка», «Альбасете», «Сарагоса» және Мадридтің «Реал» клубында ойнаған.

Ол  Зинедин Зиданның бапкерлік штабында аналитик болып істеген. Зидан корольдік клубты жаттықтырған тұста үш рет Чемпиондар лигасында топ жаруына көп көмегін тигізген.

,Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айында басталатын Ұлттар лигасына қатысады. Қарсыластарымыз — Әзірбайжан, Словакия, Беларусь.

Басқа жаңалықтар

Back to top button