Футбол
16 жасқа дейін құрама УЕФА Даму кубогындағы екінші ойынын өткізді
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық «УЕФА Даму Кубогы» жарысының екінші ойынында алаң иелері Эстониямен кездесті.
Александр Кузнецовтың командасы 0:2 есебімен ұтылып жатып, тоқсаныншы минутта таразы басын теңестіре алды.
Пенальтия сериясында Эстония ойыншыларының жолы болып, 8:7 есебімен жеңіске жетті.
Жасөспірімдеріміздің келесі ойыны 1 мамырда Фарер аралдарынан келген құрдастарына қарсы өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де басталады.
Қазақстан U-16 – Эстония U-16 – 2:2 (0:1). Пенальти – 7:8
Голдар: Саутов 58, Адахаев 90+1 – Планкен 13, Калимуллин 53
Ескертулер: Серікұлы 41, Агиманов 59 – Саккис 58
Казахстан U-16: Әлиақбар (қ), Молдахмет, Ерлан, Исраилов (к), Әбіл, Қалтанов (Мұхаметәли 68), Саутов, Ағыманов, Серікұлы (Мыңбай 46), Құрбанов (Адахаев 86);
Қосалқы құрам: Жанай (қ), Лакеев, Өмей, Нәдір, Тұтқабаев, Әбділхай;
Аға бапкер: Александр Кузнецов.