Футбол

Нұрәлі Әліптің «Зениттегі» болашағына қатысты ақпарат тарады

Ресей чемпионы "Зенит" клубы сапында өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліп келесі маусымда да қалуы мүмкін.

«Ресей чемпионының құрамында шетелдік ойыншылар бар. Соның бірі — Нұрәлі Әліп. Ол Ресейде легионер болып саналмайды. Бұл қорғаушының жалға алу мерзімі 2022 жылдың соңында аяқталады. Жазғы трансферлік үзілісте Әліп ешқайда кетпейді. Командаға орталық қорғаушылар жетіспейді. Оның үстіне өзі де соңғы матчтарда тәп-тәуір ойнады», — деп жазды  sport-express.ru.

«Зенит» төртінші жыл қатарынан Ресейде чемпион атанып үлгерді. Нұрәлі Әліп бұл команда сапында 10 ойын өткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button