Футбол
«Қайрат» 17 жастағы шабуылшымен келісімшарт жасасты
Алматының "Қайрат" клубы 17 жастағы шабуылшы Ян Труфановпен келісімшарт жасасты.
Жаңа келісімшарт 2024 жылға дейін жарамды. Труфанов былтырғы жылы тамыз айында «Қайрат-Жастар» сапында бірінші лигада ойнаған. Содан бері командада 10 матч өткізіп, 8 гол соққан.
U-19 жасқа дейін жастар құрамасында 3 ойын өткізген.