Футбол

6:0: «Астана» «Қайратты» аяған жоқ

Қазақстан премьер-лигасының 11-турының орталық ойыны елордада өтті.

Соңғы жылдары «ел-классикосы» деп айдар тағылып жүрген бұл матч отандық жанкүйерлердің ерекше назарын аударатыны белгілі. Бірақ қазір «Қайрат» елордалықтарға төтеп беретін шамада емес екен. Алматылықтардың шама-шарқысы бірінші таймда-ақ белгілі болды.

Срджан Благоевич шәкірттері әрбір таймда 3 голдан соқты. Оның ішінде Марин Томасов хет-трик жасады.

«Астана» – «Қайрат» – 6:0

Голдар: Марин Томасов 18, 44, 63, Рай Влут 35, Педро Эуженио 48, 72

«Астана»: Марко Милошевич,  Сағи Совет (Даниил Бескоровайный, 73), Талғат Кусяпов, Денис Поляков, Камо Оганесян, Аслан Дарабаев, Макс Эбонг, Жереми Манзорро (Сұлтан Сағынаев, 83),Педро Эуженио (Станислав Басманов, 82), Марин Томасов (К), Рай Влут (Абат Айымбетов, 73);

«Қайрат»: Данил Устименко, Сұлтанбек Астанов, Арсен Буранчиев, Виктор Васин, Дамир Қасаболат, Еркебұлан Сейдахмет, Яцек Гуральский (К), Антон Крачковский (Жасурбек Жалолиддинов, 52) – Жоао Пауло (Гүлжігіт Әліқұлов, 70), Данияр Үсенов (Егор Ткаченко, 60), Хосе Канте (Артур Шушеначев, 71);

Бас төреші: Александр Гаузер (Петропавл).

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button