Футбол
Жас қазақстандық шабуылшы Еуропадағы алғашқы голын соқты
Тираспольдың "Динамо-Авто" командасы Молдова чемпионатының 28-турында "Милсами" клубымен 2:2 есебімен тең түсті.
Алаң иелерінің алғашқы голын 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Вадим Яковлев соқты. Ол негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді. Футболшы биылғы маусымда 5 ойынға қатысқан.
«Динамо-Авто» (Тирасполь, Молдова) – «Милсами» (Оргеев, Молдова) – 2:2
Голдар: Вадим Яковлев 27, Марин Кэрунту 60 – Ион Данилов 4, Серджиу Истрати 66