Велоспорт

Елордадағы велошеруге 500 адам қатысты

Елордада веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай бұқаралық велошеру өтті. Оған қатысушылар екі қашықтықты бағындырды.

Алдымен велошеруге қатысушылар 20 шақырымдық үлкен қашықтықтықтан бастады. Үлкен қашықтықтың басы елорда маңындағы Қосшы елді мекеніндегі айналма веложолдан басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті.

Ал 3 шақырымды бағындыруға келген қала тұрғындары үлкен қашықтықты жүріп өткен қатысушыларды мәреден күтіп алды. Әрмен қарай кіші қашықтықтың қатысушылары Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында бастап, сол жерден мәрені аяқтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қаламызда бірнеше ірі жарыс өтіп жатыр. Соның бірегейі – бүгінгі қала тұрғындары мен қонақтары арасында ұйымдастырылған бұқаралық велошеру. Бүгінгі велошеру жастарды спортқа баулуға және салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі деп сенемін!» – деді қалалық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Алмас Емелтайұлы . Спорттық шеруге 500-ге жуық елордалық қатысып, іс-шараның көркін қыздырды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button