Велоспорт

Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді

5 маусымда Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан элита өкілдері, андерлер, жасөспірімдер мен параспортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді.

Сондай-ақ, Masters санатындағы велошабаңдоздар арасында да сайыс болады. Бүгінде Азияның 27 елі жарысқа қатысуға өтінім жіберді.

ҚР тас жолдағы велоспорттан аға жаттықтырушысы Даниил Фоминых Азия біріншілігінде өнер көрсететін андерлер мен ер адамдардан құралған шабандоздарды атады. Бапкердің айтуынша, бұл жолы еліміздің намысын ең мықты деген спортшылар қорғайды.

Андерлер арасындағы жарыс. Жеке жарыс:
1. Ремхе Андрей

Топтық жарыс:
1. Винокуров Николя
2. Алиев Руслан
3. Ремхе Рудольф
4. Ремхе Андрей

Элита өкіледрі арасындағы жарыс. Эстафета:
1. Федоров Евгений
2. Груздев Дмитрий
3. Чжан Игорь
Жеке жарыс:
1. Федоров Евгений

Топтық жарыс:
1. Федоров Евгений
2. Брусенский Глеб
3. Гидич Евгений
4. Груздев Дмитрий
5. Чжан Игорь

Өкінішке қарай биыл Азия чемпионаты басқа ірі халықаралық жарыстармен тұспа-түс келді. Сондықтан Astana Qazaqstan Team шабандоздары бос емес. Азия чемпионаты-2024 өткізу мерзімі сәл кейінірек жарияланғандықтан, Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Луценкода қазақстандық велокоманда құрамында жарыстар жоспарланған болатын, – деп айтты Даниил Фоминых.

Азия чемпионаты Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы әкімдігі, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясының қолдауымен Қазақстан велосипед спорты федерациясы (KCF). Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Серіктестер: Sport Qory спортты қолдау қоры, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ.

Ауқымды іс-шара 12 маусымға дейін жалғасады. Басталуы: 6 маусым, сағат 10:00.

Фото: olympic.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button