СұхбатФутбол

Магомод Адиев: Рамазан Оразовтың алаңға кіруімен ойынымыз өзгеріп сала берді

Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы елордада Әзірбайжанды жеңді. Матчтан кейін ұлттық құрама бапкері Магомед Адиев тілшілердің сауалына жауап берді.

– Матчтың алғашқы минуттары жаман өрбіген жоқ. Бастапқы 25 минут тізгінді өз қолымызға алуға тырыстық. Сосын 30-минуттан кейін болмашы жерден допты жоғалту көбейіп кетті. Бірінші таймның соңғы жағында Әзірбайжан құрамасының шабуылдауына мүмкіндік беріп қойдық.

Екінші таймда Оразовтың шығуы ойынымызды өзгертті. Қарсыластың қақпасына добымыз түзу ұша бастады.

– Әзірбайжан құрамасының бас бапкері Қазақстанның жолы болды деп айтты. Бұған не дейсіз?

– Ол көп сөйлейді екен. Матчтың алдында да қазір мыжып кетті. Ал біз керсінше аз сөйлеп, көп іс тыңдырғымыз келеді. Қосарым жоқ.

– Жалпы ойын көңіліңізден шықты ма?

– Ешқашан матчқа толықтай көңіл толу мүмкін емес. Егер қателік іздей бастасақ, бірінші таймның соңында қарсыластың тізгінді ұстауын айтар едім. Енді алда Словакияда қиын матч күтіп жүр. Ол кездесуде өзгерістер болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button