Футбол

Екінші тең ойын. Жастар түркиялық құрдастарымен кездесті

Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарын аяқтады.

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы іріктеу кезеңінің соңғы ойынын сырт алаңда Түркия футболшыларымен өткізді. Қайрат Нұрдәулетов командасы қиын қарсыласпен тең ойнап, бір ұпайды қоржынға салды.

Қазақстан құрамасы ойынның 58-минутынан бастап аз құраммен ойнады. Фарер аралдарынан келген төреші Карл А Хевданумның шешімімен қорғаушы Дамир Қасаболат алаңнан қуылып, ойынды ерте аяқтады.

Түркия құрамасы сан басымдығына ие болып, шабуылдарын үдете түскен болатын. Алайда, қазақстандық ойыншылар соңына дейін жігерлік танытып, тең есепті сақтап қалды — 0:0.

Бұл Қайрат Нұрдәулетов шәкірттерінің осы іріктеудегі екінші тең ойыны. Бұған дейін көктемде Алматыда Шотландиядан бір ұпай еншілеген.

Түркия U-21 – Қазақстан U-21 – 0:0 (0:0)

Сары қағаз: Али Акман 56 – Сұлтан Сағынаев 32, Еркебұлан Сейдахмет 90+2

Қызыл қағаз: Дамир Қасаболат 58

Түркия U-21: Эмре Билгин (Қ) – Эмре Каплан (Равил Тагир 69), Ахметджан Каплан, Фуркан Байыр, Бюньямин Балджы – Картал Йылмаз, Арал Шимшир, Умут Гюнеш (К) (Гекдениз Байракдар 46), Эмирхан Ильхан (Барыш Йылмаз 46) – Али Акман, Энис Дестан (Бертуг Йылдырым 46);

Резерв: Мухаммет Таха Тепе (Қ) – Сердар Саатчы – Догукан Хасболат, Али Гюнерен, Огуз Айдын;

Аға бапкер: Толунай Кафкас.

Қазақстан U-21: Данил Устименко (Қ) – Сағи Совет, Әділбек Жұмаханов, Дамир Қасаболат, Лев Скворцов – Сұлтан Сағынаев (К), Мейрамбек Қалмырза, Дінмұхамед Қараман (Еркебұлан Сейдахмет 80) – Станислав Басманов (Абылайхан Назымханов 69), Данияр Үсенов (Андрей Ульшин 80), Иван Свиридов (Асқар Сатышев 63);

Резерв: Темірлан Анарбеков (Қ), Данила Карпиков (Қ) – Дамир Марат, Жасұлан Жұмашев – Владислав Прокопенко;

Аға бапкер: Қайрат Нұрдәулетов.

Төрешілер: Хевданум, Кристиансен, Петур-Паули Хейгор, Тролейс (барлығы – Фарер аралдары);

10 маусым. Түркия, Ыстанбұл, «Реджеп Тайип Ердоған» стадионы

Басқа жаңалықтар

Back to top button