Футбол

«Намыстың» намысын жаққан Бауыржан Сәрсекеновті еске алу ойыны өтеді

12 маусым күні Алматыда белгілі футбол бапкері Бауыржан Сәрсекеновті еске алу ойыны өтеді.

Жолдастық кездесуге бапкердің 1986-88 жылы дүниеге келген шәкірттері қатысады. Ойын алаңы – «Kaysar Arena». Басталу уақыты – 11:00.

Олардың арасында Марк Гурманмен Марат Шахметов секілді премьер-лигада ойнап жүрген футболшылар бар.

Бауыржан Сәрсекенов «Мұнайшы», «Намыс», «Ақжайық», ЦСКА, «Жетісу», «Ордабасы» командаларында еңбек еткен. Қазақстанның әр түрлі жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Әсіресе, «Намыс» клубының түлектерін аяқтан тұруына қосқан үлесі зор.

.

Басқа жаңалықтар

Back to top button