Футбол

Айбол Әбікен допингке байланысты үш жыл футболдан шеттетіледі

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақсу» футбол клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг қолданды деген айыппен үш жылға футболдан шеттетілді.

Футболшы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болған ойынға дейін допинг тест тапсырған. Сынама оң нәтиже көрсетті. Артынан спортшы Б тестін де тапсырған. Ол да оң нәтиже көрсетті.
Осыдан кейін Әбікенге үш жылға ресми ойындарда өнер көрсетуге тыйым салынды.
Футболшының қанынан 2016 жылдан бері рұқсат етілмеген препараттардың қатарына енгізілген милдронат табылды.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының допингке байланысты футболдан шеттетілген үшінші ойыншысы. Алдымен 2019 жылы 2 жылға Бауыржан Исламхан, ал 2021 жылы Руслан Валиуллин шеттетілген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button