Футбол
“Тұран” сырт алаңда “Каспийді” есеңгіретті
Қазақстан Премьер-лигасының 15-турының матчында Ақтаудың "Каспийі" "Тұранды" қабылдады.
Алаң иелері айқын фавориттер болатын, алайда 20-минутта Санжар Сатанов ақтаулықтардың қақпасынан саңылау тапты. Көп ұзамай Думан Нәрзілдаев алаңнан қуылды, ал Абдуллай Диакате пенальтиден мүлт кетті. Дегенмен қонақтар есеп айырмасын ұлғайта алды — 2:0. Бұл жолы Нұрлыбек Аязбаев мергендік танытты.
Осы есеп ойын соңына дейін сақталды.
Енді » Тұран» 15 ұпайға ие болды.
«Каспий» — «Тұран» — 0: 2 (0: 2)
Голдар: Сатанов 20 (0:1), Аязбаев 37 (0:2)
Пенальтиден мүлт кеткен: Диакате 30 (штанга)
Алаңнан қуылды: Нарзилдаев 29.