Футбол

«Ақтөбенің» ойынын саңылаудан тамашалаған жанкүйерге билет табысталды

Билеттің бітіп қалуына байланысты «Ақтөбе» – «Астана» матчын саңылаудан сығалап қараған жанкүйер желіде танымал болды.

«Ақтөбе» клубы сол жанкүйеріне іздеу салып, көп ұзамай ол табылды. 14 жасар бозбаланың аты-жөні – Диас Сәкен. №56 мектепте сегізінші сыныпты бітірген. Қазір жазғы демалыста. Бала кезінен «Ақтөбеге» жанкүйерлік етеді екен.

Кешегі ойынға тақалғанда келіп билеттің жоқтығына қынжылған ол «Батыс» трибунадағы баспалдақ арқылы көтерілген. Сондағы саңылаудан бірінші таймды тамашалаған. Өзінің аталмыш тәжірибесін Диас былай еске алды:

– Алғашқы таймда тек алаңның бір бөлігін көріп отырдым. Кейін журналистер мен полицейлер мені байқап қалған. Осы орайда менің суретімді көріп, жылы ілтипатын білдірген облыс әкімі Оңдасын Оразалинге және сол фотоны түсіріп жариялаған Айдын Қожахметке алғыс айтқым келеді. Бір күнде Қазақстанға танымал боламын деп ойламадым. Көптеген хаттар келіп жатыр. Баршаңызға рақмет!

Өңір басшысы Оңдасын Сейілұлы жас жанкүйерге абонемент табыстамақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button