«Тобыл» камбэк жасап, Түркістаннан бір ұпай еншіледі
Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында Қостанайдың «Тобылы» Түркістанда «Тұранмен» тең түсті.
Матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде алаң иелері бірден екі гол соқты. Алдымен, 60-минутта Шоқан Абзалов есеп ашса, 83-минутта Чиди Осучукву таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.
«Тобыл» тек соңғы минуттарда есін жиды. Қорғаушы 86-минутта Сергей Малый есеп айырмасын қысқартса, төреші қосқан қосымша минуттарда пенальтиден Душан Йованчич таразы басын теңестірді.
«Тұран» – «Тобыл» – 2:2
Голдар: Шоқан Абзалов 60, Чиди Осучукву 83 – Сергей Малый 86, Душан Йованчич 90+10 (пенальти)
«Тұран»: Ержан Тоқотаев (Қ) – Лев Скворцов, Олжас Керімжанов (К), Қасымжан Тайыпов, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Санжар Сатанов – Алияр Мухаммед (Ален Айманов, 90+10), Шоқан Абзалов (Қуаныш Дүйсенбекұлы 90+4), Самир Фазли (Бекзат Қабылан. 90+10);
«Тобыл»: Александр Мокин (Қ) – Бағдат Қайыров, Александр Марочкин, Сергей Малый, Самат Жарынбетов – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген, Сериіжан Мұжықов (К) (Владислав Васильев, 67 (Роман Асранкулов, 84)) – Рубен Бриджидо (Айбар Жақсылықов, 67), Зоран Тошич, Игорь Сергеев (Жаслан Жұмашев, 84).
Төрешілер: Нурмустафина Эльвира (Теміртау), Әубәкіров Әлібек (Нұр-Сұлтан), Конивец Артем (Қарағанды).