Футбол
Ақтөбеде футбол академиясы салынып жатыр
Ақтөбеде 7-17 жастағы дарындыларды іріктеп, жарыстарға дайындайтын футбол академиясы салынып жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық және балалар спортын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақтөбеде Футбол академиясының құрылысы басталды. Нысан «Химик» стадионының жанынан тұрғызылып жатыр. Балалар футболын дамыту аясында жаттықтырушылар академияға 7-17 жас аралығындағы дарынды балаларды іріктейтін болады.
і Оңдасын Оразалин құрылыс алаңында болып, жұмыстың сапасы мен қарқынына баға берді.
Академия екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық корпустан тұратын болады, онда жаттығу залы, емшара жасайтын бөлме, академия тыңдаушыларына арналған жатақхана, сонымен қатар, күмбез іспетті ауамен толтырылған төбе жабыны бар ғимарат болады. Мұнда жаттығумен жыл бойы айналысуға болады.
Жоба бойынша құрылыс жарын мамыр айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алайда, егер қолданыстағы келісімге сай, екі қабатты ғимаратты тұрғызуға арналған материал Словакиядан биыл қыркүйек айында әкелінсе, нысан ерте пайдалануға берілуі мүмкін.
Академияның құрылысы «Алихан ойл 3» ЖШС мердігер мекемесіне сеніп тапсырылды. Аталмыш ұйымның өкілдері осы сұрақтарды талқылау кезінде құрылыстың жоспар бойынша жүріп жатқанын, проблемалық сұрақтар жоқ екенін жеткізді.
Облыс әкімі спорт нысанының маңыздылығын атап өтіп, жұмысты сапалы істеуді тапсырды.
«Біздің қалада футбол үлкен танымалдылыққа ие, жанкүйерлері көп. Сондай-ақ, біз балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт алаңдарының санын арттырып, бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Тек кәсіби спортқа ғана емес, сонымен қатар, бұқаралық спортқа да жағдай жасау керек,- деді Оңдасын Оразалин.
Сондай-ақ, облыс әкімі «Химик» стадионында үнемі жүгіретін ақтөбеліктерге жүгіретін жол салып беруді тапсырды.