Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты: Надежда Дубовицкая үздік ондыққа кірді
Орегонда жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында әйелдер арасында жоғары секіруден финал өтті.
Онда Қазақстанның атынан Надежда Дубовицкая қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшының көрсеткіші – 1,96 метр. Бұл нәтиже оған әлем чемпионатын ең мықты ондықта аяқтауына мүмкіндік берді. Надежда Дубовицкая қорытынды сегізінші орынды иеленді.
Жеңісті австралиялық Элеонор Паттерсон 2,02 көрсеткішімен жеңіп алды. Ал, украиналық Ярослава Магучих күміс медальға ие болды (2,02). Елена Валлортигара (Италия) үшінші орында (2,00).