Қазақстан кубогы: «Қайрат» топтағы үшінші жеңісіне қол жеткізді
Алматының "Қайрат" клубы Қазақстан кубогының үшінші турында Павлодар облысының "Ақсу" командасын қабылдады.
Ойынға қысқаша тоқталсақ, алаң иелері саынан 38-минутта Вячеслав Швырев есеп ашқан. Бұл голға 55-минутта Арман Смайылов жауап қатты. Бірақ үш минуттан кейін Артур Шушеначев «Қайратты» қайта алға шығарды.
Ал 79-минутта Гүлжігіт Алықұлов пенальтиді сәтті орындады. Дегенмен, 91-минутта Мирас Тұрлыбек есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартты.
Қатарынан үш матчта жеңіске жеткен «Қайрат» 9 ұпаймен А тобында көш бастады. Бірде-бір ұпайы жоқ «Ақсу» соңғы орында қала берді.
«Қайрат» – «Ақсу» – 3:2
Голдар: Вячеслав Швырёв 38, Артур Шушеначев 58, Гүлжігіт Әліқұлов 79 (пенальти) – Арман Смайылов 55, Мирас Тұрлыбек 90+1
«Қайрат»: Вадим Ульянов (Қ) – Сергей Кейлер (К) (Лев Кургин, 64), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Егор Ткаченко (Александр Мрынский, 68) – Мирас Көбеев, Адам Адахаджиев, Данияр Үсенов – Вячеслав Швырёв (, Гүлжігіт Әліқұлов, 64), Еркебұлан Сейдахмет (Нұркелді Төлеуханов, 80), Артур Шушеначев (Ян Труфанов, 80);
«Ақсу»: Марсель Исламкулов (Қ) – Гафуржан Сүйімбаев (К), Әли Гаджибеков, Фейт Обилор, Қайрат Жырғалбекұлы – Ұлар Жақсыбаев, Анатолий Красотин (Изат Құлжанов, 81), Дмитрий Бачек (Жаслан Қайыркенов, 56) – Асланбек Кәкімов (Георгий Захаренко, 81), Ислам Жилов (Тамерлан Агиманов, 81), Арман Смайылов (Мирас Тұрлыбек 62);