Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика: жасөспірімдерден әлем чемпионатына кімдер қатысады
1-6 тамыз аралығында Қали қаласында (Колумбия) жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді.
Аламанда еліміздің атынан төрт спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Команда құрамы келесідей:
— Анастасия Рыпакова – ұзындыққа секіру;
— Игорь Косолапов – биіктікке секіру;
— Ясмина Тоқсанбаева – 10000 метрге спорттық жүрістен;
— Ақбаян Нұрмамет – 1500 метрге жүгіру.