47 МЕДАЛЬ!
Қазақстандық ауыр атлеттер Ташкентте өткен Азия чемпионатында осыншама медаль жеңіп алды
Ташкентте 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыстарда Қазақстан намысын 22 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша біздің жастарымыз 47 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 23 күміс және 14 қола.
«Бірінші кезекте барлық команда мен жаттықтырушылар штабын үздік нәтижелермен құттықтағым келеді. Әр спортшы жүз пайыз күш салып, мінез көрсетті. Өзінің рекордшы мәртебесін растаған Емберді Едігені жеке атап өткім келеді. Никита Абдурахманов пен Әлішер Байбуров өз санаттарындағы жасөспірімдер арасында көшбасшы болды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында екінші орынға ие болды, және де 17 жасқа дейінгі ұлдар арасында Азия чемпионы Денис Полубояриновті де атап өткім келеді.
Жарыс қарсаңында құраманың жаттықтырушылар штабы, Федерация және өңірлік жаттықтырушылар үлкен кешенді жұмыс атқарды: жиын кезінде іріктеу жүргізілді, жаттықтырушылар кеңесінің отырысында үздіктер бекітілді.
Сондай-ақ біздің қойылымдарымызды қадағалап, балаларды қолдап, қолпаштаған барлық қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді.
Қорытындылай келе, жастар құрамасында 2028 жылғы Олимпиадаға арналған жоспарларымызға байланысты болатын лайықты резерв қалыптастырылғанын айта кетейін», деді аға жаттықтырушы Жәнібек Кішкенбаев.